«Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 17 мамырдағы № 11-1-4/230 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
«6. Азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімінде:
реттік нөмірі 17-ші жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 18-1 жол мынадай редакцияда толықтырылсын:
«
| 18-1. | Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру | 25 АҚШ доллары | 20 евро | 20 ағылшын фунт стерлингі | 25 швейцар франкі | 1420 ресей рублі | 165 қытай юаны |
».